«Электрондық үкімет» порталы (www.egov.kz) » Коммунальное Государственное учреждение " Кокозекская средняя школа-сад"
Шығыс Қазақстан облыс
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Көкөзек орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
октябрь
2018

«Электрондық үкімет» порталы (www.egov.kz)

«Электрондық үкімет» порталы (www.egov.kz) – мемлекеттік органдар қызметіне онлайн режимде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Электрондық үкімет (е-үкімет) – халықтың ел үкіметімен тікелей байланысын қамтамасыз ететін жүйе. Бұл – қызмет көрсету, азаматтардың саясатқа араласуы және басқару үрдістерін ішкі және сыртқы қарым-қатынастарды техникалық құралдардың, Internet-тің, қазіргі заманғы БАҚ көмегімен өзгерту арқылы үздіксіз оңтайландыру. Электрондық үкімет азаматтарға мемлекетпен қарым-қатынас жасауды және мемлекеттік қызметтерге қатынауды орналасқан орны мен жыл мезгіліне тәуелсіз, тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн бойы қамтамасыз етіп отыруы тиіс. eGov.kz порталының пайда болуына және сәтті дамуына байланысты, азаматтар неғұрлым қарапайым түрде, интернет арқылы түрлі анықтамалар мен куәліктерді алуға, өз бизнестерін бастауға, айыппұлдар мен салықтарды төлеуге, мемлекеттік органдардың өкілдерімен танысып, көптеген пайдалы нәрселерді жасауға мүмкіндік алды. Пайдаланушылардың ең жиі сұранысына ие құжаттардың бірі – мекенжай анықтамасы. Онда мекенжай бойынша тіркелу туралы мәліметтері, яғни есепке тұру уақыты мен мекенжайы көретілген мәлімет сақталады. Бұл анықтаманы бірнеше минуттардың ішінде тегін түрде ХҚКОда, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. Оның әрекет ету мерзімі – алған уақыттан бастап 10 күнтізбелік күн. Өз ЭЦҚ бар азамат басқа адамның атына бұл анықтаманы ала алмайтындығын ескеру қажет.